Түркияның Хатай провинциясында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 562-ге жетті

kp.ru
kp.ru
18 адамның жағдайы тым ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияда зілзаладан қаза болғандар саны 42 мың 300 адамнан асты деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Елдің төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, апат болған аймақтардан жалпы 450 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылған. Ал дүйсенбіде Хатай елдімекенінде қайталанған жер сілкінісінде зардап шеккендер саны 562 адамға жетті. Қазір құтқару жұмыстарына елдің барлық күші мен құралдары жұмылдырылып жатыр. Елде ескі ғимараттар мен үйлерге кіруге қатаң тыйым салынған. Ал Түркия президенті жаңа үйлер салу жұмыстары жуырда басталатынын мәлімдеді.

«Апат болған аймақтарда геологиялық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Сол жұмыстар біткен соң 200 мың үй салуға келісімшартқа қол қойылды. Сондай-ақ қалпына келтіру үшін кешенді жоспар әзірленді. Су, жарықпен қамту жағынан еш қиындық жоқ. Тек газ жүргізу жұмыстары шешілетін болады», – деді Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған.


Новости партнеров