Гаитиде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 419-ға жетті

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
7 мыңға жуық адам жарақаттанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенбі күні Гаитиде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 419-ға жетті, 7 мыңға жуық адам жарақаттанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде азаматтық қорғау басқармасы 1 419 қаза тапқан адамды тіркеді: олардың 1 133-і Оңтүстік департаментінде, 162-сі Гранд-Анс, 122-сі Нипп және екеуі Солтүстік-батыс департаментте анықталған. Сонымен қатар біз 6,9 мыңнан аса адамның түрлі жарақаттар алғанынан хабардармыз»,– деп мәлімдеді ведомство өкілі. 

Билік деректері бойынша, өңірдегі 37 мыңға жуық ғимарат толығымен немесе жартылай қираған, қазіргі кезде құтқарушылар үйінділердің астынан адамдарды іздестіруде. Сенбі күні таңертең Гаитиде 7,2 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы шамамен 125 мың халқы бар Ле-Ке коммунасынан 40 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі – 10 км. Қатты зардап шеккен департаменттер қатарында Оңтүстік, Гранд-Анс және Нипп департаменттері бар. Үкімет бір айға төтенше жағдай орнатты.

Новости партнеров