14 жастағы Джессика өзін асырап алған отбасында тұрып жатыр. Алайда ол соңғы уақытта белсенді түрде туған анасын іздеп жүр. Сондай-ақ, ол өзін тастап кеткен анасына еш реніші жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Анасы Джессиканы босанғанына 8 сағат өткеннен кейін тастап кеткен. Әйел сәбиді орамалға орап, түн ортасында Сиднейдегі клиникалардың біріне қалдырады. Австралия полициясы бейтаныс әйелді іздеп табуға тырысқанымен, оны таба алмады.
Алайда Джессика анасының бұл әрекетіне еш ренжімейтінін айтады. 14 жастағы қыз әлі күнге дейін анасын кездестіремін деген үмітпен жүр. Осы арманына жету үшін ол телеарнаға келіп, басынан өткен қиын оқиғаны баяндап берді.