Ресей мен Қытай арасында автомобиль көпірі ашылды

10.06.2022 14:29

Көпірден күн сайын 630 жүк көлігі, 164 автобус және 68 жеңіл көлік жүре алады

Фото: Амурская правда

10 маусымда Ресей мен Қытай арасында автомобиль көпірі ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Көпір Амур өзенінің бойындағы Благовещенск (Ресей) – Хэйхэ (Қытай) қаласын жалғап тұр. Техникалық ережесіне сай көпірден күн сайын 630 жүк көлігі, 164 автобус және 68 жеңіл көлік жүре алады. Благовещенск – Хэйхэ трансшекаралық өткелінің құрылысы 2016 жылдың желтоқсанында басталған. Құрылыстың аяқталуы 2020 жылдың қараша айына жоспарланғанымен күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты нысанды іске қосуды кейінге қалдыруға тура келген.

Құрылыс жалпы 19 миллиард рубльді құрады. Көпірдің ұзындығы - 1080 метр. Екі жолақты жолмен салынған өткелдің ені - 11 метр.