Дүниежүзілік алтын кеңесінің ай сайынғы дерегі жарияланды
Өзбекстанның Орталық банкі қазан айында басқа елдерге қарағанда көбірек – 11 тонна алтын сатты. Бұл туралы дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) ай сайынғы деректерінде айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Есепті кезеңде әлемдік орталық банктердің жалпы алтын қоры 42 тоннаға өсті.
Қазан айында бағалы металдарды ең белсенді сатып алушы Қытай (23 тонна), Түркия (19 тонна) және Польша (6 тонна) Орталық банктері болды.
Бұл кезде алтынның негізгі сатушысы Өзбекстанның Орталық банкі болды – 11 тонна. Сондай-ақ Қазақстанның Орталық банкі 2 тонна алтын сатты.
Оқи отырыңыз: 7 желтоқсанға арналған валюта бағамы