Антарктидадан көлемі Лондондай айсберг бөлінді

25.01.2023 14:43

Ғалымдар бірнеше жыл бойы қалыңдығы 150-метрлік мұздағы жарықты бақылаған

euronews.com

Антарктидадағы Брант шельфтік мұздығынан көлемі Үлкен Лондонмен бірдей айсберг бөлінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ғалымдар бірнеше жыл бойы қалыңдығы 150-метрлік мұздағы жарықты бақылаған, ол толықтай жексенбі күні бөлінген.

1500км² астам үлкен айсберг бөлінгенін жариялаған Британия антарктидалық қызметі (BAS) мұның климаттың өзгеруіне тікелей қатысы жоқтығын және теңіз деңгейінің көтерілуіне әкелмейтінін мәлімдеді.

Бұл оқиғаға дайындалған: Брант шельфтік мұздығында Halley британдық зерттеу стансасы орналасқан, 2016 жылы қауіпсіздік мақсатында оны «Бездна 1» жарығынан 23 шақырымға ауыстырған болатын.