«Кенжесі азаппен өлтірілген»: Қарақалпақстанда құдықтан әйел мен оның үш сәбиінің мәйіті табылды

«Кенжесі азаппен өлтірілген»: Қарақалпақстанда құдықтан әйел мен оның үш сәбиінің мәйіті табылды
Балалардың кенжесі сегіз айлық, ортаншысы екіде, үлкені үште болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

28 наурызда Қарақалпақстанның Хожели ауданында құдықтан үш нәресте мен олардың анасының сүйегі табылған. Олардың өлімінің себебі әзірге белгісіз деп жазады centralasian.org.

Ауыл тұрғындары бірінің айтуынша, мерт болған балалардың кенжесі сегіз айлық, ортаншысы екіде, үлкені үште болған.

«Үйдің жанында ашық құдық бар. Ол қоршалмаған. Біздің ауылға су құбыры кіргізілмегендіктен, тұрғындар суды сол құдықтан тартып ішеді. Балалары абайсызда түсіп, оларды құтқарамын деп анасы да түсіп кетті ме, белгісіз. Милиция қызметкерлері құдықтан олардың сүйегін алып шықты», - дейді ауыл тұрғыны.

Қайғылы оқиға болар күні әкесі үйінде болмаған. Бұл оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз берген ақпаратқа қарағанда, марқұмдардың сүйегі сараптамаға жіберілген. «Сараптама нәтижесі бойынша, ең кішкентай нәрестенің денесінде қинап, тұншықтырған іздер табылған. Ортаншы мен үлкен бала суда тұншығып жан берген», – дейді дереккөз.

Новости партнеров