Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 мыңнан асты

newsone.ua
newsone.ua
Соңғы деректер бойынша, ҚХР-да коронавирус жұқтырғандар саны 74185 адамды құрап отыр, қайтыс болғандар саны – 2004, емделіп шыққандар – 14376 адам
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайда жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасап.

Өткен тәулікте (18 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) құрлықтық Қытайда 1749 жаңа коронавирус жұқтыру жағдайы анықталды (Хубэй провинциясында – 1693), 136 адам қайтыс болды. 1824 адам емделіп шықты (Хубэйде 1266 адам). Соңғы деректер бойынша, ҚХР-да коронавирус жұқтырғандар саны 74185 адамды құрап отыр, қайтыс болғандар саны – 2004, емделіп шыққандар – 14376 адам.

Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 135 мың адам медициналық бақылауға алынған. Ресми статистикаға сәйкес, індеттің ошағына айналған Хубэй провинциясынан тыс материктік Қытайда коронавирус диагнозы қойылған науқастар саны он бесінші күн қатарынан төмендеп келеді. Гонконгта коронавирус жұқтырған 62 адам тіркелді, Макаода (Аомэнь) – 10, Тайванда – 22.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанмен шекараласатын ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) коронавирус жұқтырған 76 адам тіркелген, оның ішінде Іле-Қазақ автономиялық облысында (ІҚАО) СУАР - 18, Үрімжі қаласында – 23. Қазіргі уақытта Шыңжаңда 5 мыңнан астам адам медициналық бақылауда. Медициналық мекемелерден 12 науқас емделіп шықты.

Новости партнеров