Дәрігерлердің айтуынша, әлемде 1 млрд адамның біреуі ғана 6 баланы бірден өмірге әкеле алады
АҚШ-тың Техас штаты тұрғыны 9 минутта 6 сәбиді өмірге әкелді, деп жазады Life.ru.
6 баланың төртеуі қыз, екеуі ұл. Дәрігерлердің айтуынша, әлемде 1 млрд адамның біреуі ғана 6 баланы бірден өмірге әкеле алады екен.
Көпбалалы ана мен оның сәбилерінің денсаулықтары жақсы.