Дәрігерлер 62 жастағы Лариса Гузееваның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр
Белгілі ресейлік әртіс және тележүргізуші Лариса Гузеева жексенбі күні ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Әртіс Коммунаркадағы №40 Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. «Комсомольская правда» басылымының ақпаратынша, Гузеева COVID-19-ға қарсы тест тапсырған, алайда анализ теріс нәтиже көрсетті.
Қазір тележүргізуші палатада жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда. Басылымның мәліметінше, ол қатты күйзеліске ұшыраған, дәрігерлер оған тыныштандыратын дәрі берді. Танымал жұлдыздың ауруханаға қандай диагнозбен түскені әзірге белгісіз.