Қалыңдықпен билегісі келген қонақты атып тастады

26.08.2021 15:07

Қалыңдықпен бірнеше ер адам би билегісі келген

© Photo : СС0 / elkimmelito

Ресейдегі Қарашай-Шеркес республикасында үйлену тойының қонағын атып тастады, деп жазады Almaty.tv тілшісі  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қалыңдықпен бірнеше ер адам би билегісі келген. Олардың арасында жанжал басталып, соңы оқ атумен аяқталды.

Кеуде тұсына оқ тиген ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол есін жимастан жан тапсырған.

Күдіктілер – 31 жастағы Аслан Утагонов пен 32 жастағы Самвел Киракосян. Болған жағдайдан кейін олар ақ Porsche Cayenne көлігімен ізін суытқан.

Біреуі ұсталды, екінші күдікті іздестіріліп жатыр.

Дереккөзі: Sputnik


Теги: қалындық