Эфиопиядағы апат: ұшаққа мінуге 2 минут кешіккен грек азаматы өлімнен аман қалды

11.03.2019 18:10

Эфиопияда Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам қаза тапты. Опат болғандардың арасында 32 кениялық, 18 канадалық, 9 эфиоп, сегіз қытайлық, америкалық, жеті француз және біраз бен британдықтар болған. Жалпы айтқанда, 35-тен астам ұлттың өкілдері қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Эфиопия әуе желісіне» тиесілі авиалайнер Адис-Абебтен Кения астанасы Найробиге бағыт алған. Әуеге көтерілген соң алпысыншы шақырымда апатқа ұшыраған. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ бірнеше бөлікке бөлініп жанып кеткен.  

«Мен Дубайдан Адис-Абебке, кейін Найробиге ұшуым керек болатын. Алайда, Дубайдан шығатын рейс кешігіп, мен апатқа ұшыраған ұшаққа уақытылы келе алмадым. Маған екінші рейспен ұшуға кеңес берді. Солай жасадым да. Содан соң жолаушылардың бірі алғашқы ұшақ 6 минутта апатқа ұшыраған бейнені көрсетті», – деді Ахмед ХАЛИД.

Апатқа ұшыраған Боинг 737 MAX 8 жаңа әуе кемесі. Дәл осындай ұшақ әуе лайнері өткен жылы қазанда Яван теңізіне құлаған болатын. Ал бұл жолғы апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Әуе компаниясының мәлімдесіне сәйкес, ұшақпен байланыс алтыншы минутта жоғалған. Бірақ оның алдында пилот белгісіз бір қиындықтарға байланысты әуежайға қайта оралуды сұрапты. Аталған әуе апатынан кейін Қытай «Боинг 737 MAX 8» ұшағын жасауды тоқтатқан.