Барселонадан Брюссельге қарай бара жатқан әйел автобуста босанып қалды, деп хабарлайды Life.ru.
«Автобустағы адамдардың көбісі ұйықтап жатқан болатын. Жүргізуші не болып жатқанын түсіндірген соң, бәріміз автобустан шықтық», - дейді туристердің бірі.
Араға жарты сағат салып әйел аман-есен босанды. Сәби мен ата-анасын жедел жәрдем жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.
Кейін нәрестенің есімін Зенеп деп қойғаны белгілі болды. Ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін автобуспен тегін жүре алады.