K-pop жұлдызы 28 жасында қайтыс болды (ФОТО)

25.11.2019 15:17

Бірнеше күн бұрын ол Жапонияда жаңа бағдарламасымен концерт қойған

Оңтүстіккореялық әнші әрі актриса Гу Хара Сеулдегі үйінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды tengrinews.kz.  

28 жастағы K-pop жұлдызының денесі жексенбіде кешкісін табылған. Оның неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

Бір күн бұрын әнші Instagram-парақшасында суретін жариялап, "Қайырлы түн!" деген жазба қалдырған.

Гу Хара Kara тобының құрамында танымал болған. Ұжым 2007-2016 жылдар арасында жұмыс істеген. Сондай-ақ әнші жеке де өнер көрсетіп, сериалдарға түскен.

Бірнеше күн бұрын ол Жапонияда жаңа бағдарламасымен концерт қойған.  

Биыл мамырда Хара өз-өзіне қол салмақ болған, оны ес-түссіз жатқан жерінен менеджері тауып алып, ауруханаға жеткізген.