Хиджаб киген әйелін тексерген дәрігерді күйеуі ұрып тастады

24.09.2021 15:23

Видеода дәрігердің мұрны қанап қалғаны көрінеді

matritca.kz

Ресейдің Нижневартовск қаласының тұрғыны хиджаб киген әйелін қолымен ұстап қараған дерматовенеролог дәрігерді соққыға жықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сол күні дәрігер Владимир Жерноклеев әдеттегідей пациенттерді қабылдап отырған екен. Ал түстен кейін хиджаб киген әйел келді. Оған медициналық тексеріс аясында дерматовенеролог дәрігердің қарауынан өту керек еді. Бас кезінде келіншек өзін ер адам қарағанын қаламады. Сол кезде Жерноклеев басшылық арқылы әйел дәрігердің қабылдауына жазылуға кеңес берді.

Бірақ хиджаб киген әйел келісім берді. Ал Жерноклеев пациенттің ішін қарап шықты. Әйел шығып кеткеннен кейін кабинетке оның күйеуі кіріп келді. «Әйелдердің ішін ұстап көргенді жақсы көреді екенсің», – деп дәрігерді соққыға жықты.

Видеода дәрігердің мұрны қанап қалған. Соққыдан миы шайқалған, бас сүйек-ми жарақатын алды. Ал дәрігерді соққыға жыққан ер адам ұсталды.

Жерноклеевтің айтуынша, бұған дейін талай әйелді қараған. Олардың ішінде мұсылман келіншектер де бар. Бірақ жанжал шығарған адам болған жоқ.

Дереккөзі: sputnik.kz