Эпидемия кезеңі басталғалы барлығы 1 277 адам қайтыс болды
Қырғызстанда COVID-19 коронавирус инфекциясынан ауруханадан тыс пневмонияны есепке алғанда тәлігіне 28 адам көз жұмған. Бұл туралы Қырғызстанның COVID-19-бен күрес жөніндегі республикалық штабы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Көз жұмғандардың 8-і Бішкектен, 2-і Оштан, 4-і Чуй облысынан, 2-і Ош облысынан, 1 Нарын облысынан, 4-і Ыстықкөл облысынан, 5-і Жалал-Абад облысынан, 2-і Баткен облысынан.
«Эпидемия кезеңі басталғалы барлығы 1 277 адам қайтыс болды», – делінген штаб хабарламасында.
Пандемия басталғалы елде 32 813 COVID-19 жұқтыру жағдайлары тіркелген. Індетке шалдыққан 20 388 адам сауығып шықты.