Бұл жөнінде Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдері хабарлады
Оңтүстік Кореяда коронавирус індетін жұқтырғандар саны бір күнде 161 адамға жетті. Кеше ғана бұл көрсеткіш 602 болған еді деп хабарлайды almaty.tv.
Бұл туралы осы елдің Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдері хабарлады. Жұқпалы аурудан екі адам қайтыс болған. Ел президенті Мун Чжэ Ин эпидемиялогиялық қауіпті қызыл деңгейге көтерді. Жалпы бұл індеттен Оңтүстік Кореяда 7 адамды ажал құшып, 18 науқас емделіп шыққан. 8725 адамның сараптамасы анықталып жатыр.