30 минуттың ішінде 280 мың доллар ақша жиналыпты
Жапонияда ерекше маска пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның қауіпті аурудан қорғау белсенділігі жоғары және екі адам 10 метр қашықтықта тұрып бір-бірін еркін естіп сөйлесе алады. Ол үшін Тайсукэ Оно есімді өнертапқыш ұялы телефоннан арнайы қосымша ойлап тапқан. Қашықтық сақтап тұрған екі адамның сөйлеген сөзі осы қосымша арқылы 8 тілге аударылады. Идея авторы осы ұсынысты айтқан кезде оны дамыту үшін инвесторлар да көбейген. 30 минуттың ішінде 280 мың доллар ақша жиналыпты. Ерекше маскаға сұраныс та артқан. Алғаш 5 мың данамен шыққан маска қазір Жапонияда сатылымда. Бағасы – 40 доллар.