Ол отбасымен бірге демалып жатқан курорттың жанында шомылып жүрген
Батыс Аустралияның жағажайында турист сегізаяқтың шабуыл жасаған сәтін видеоға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап жазады.
Сегізаяқ геолог Ланс Карлсонға шабуыл жасады. Ол отбасымен бірге демалып жатқан курорттың жанында шомылып жүрген.
Турист суға жақындағанда скат (балықтың түрі ) көрдім деп ойлайды. Бірақ ол жақындағанда сегізаяқ екенін көреді. Оның қасында екі жасар қызы болған.
«Ол бізге шабуыл жасады, шошып кеттік», – деді Карлсон. Сегізаяқ оның қолын, содан кейін мойны мен арқасын күйдірген.