Оқиға орнына келген құтқарушылар судан төрт адамды тауып алып шықты
Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының су айдынында екі кеменің соқтығысуы салдарынан бір адам мерт болды, тағы екі адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға сәрсенбі күні кешке Чжоушань аралдарының шығысында болған. Апат белгісі Панамада тіркелген жүк кемесі мен қытайлық балық аулайтын шхунаның соқтығысуынан кейін алынған. Оқиға орнына келген құтқарушылар судан төрт адамды тауып алып шықты, тағы біреуі көз жұмған, екеуі әзірге хабар-ошарсыз. Іздеу-құтқару жұмыстарына жақын маңдағы жағалау күзетінің кемелері, балық аулайтын және өзге де азаматтық кемелер тартылуда. ТЖ орын алған аумақта кеме қатынасы уақытша шектелген.