Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір 151 адам хабар-ошарсыз
Индонезиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 268-ге жетті. Бұл туралы Detik порталы Индонезияның табиғи апаттарға қарсы ұлттық агенттігіне сілтеме жасап жазған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ява аралындағы жер сілкінісінің салдарынан адамдар қаза тауып, ғимараттар жаппай қирады.
5,6 баллдық жер сілкінісі 21 қараша Батыс Ява провинциясының Чианджур округінің оңтүстік-батыс аймағында болды. Бұған дейін жер сілкінісінен 162 адам қаза тапты, олардың көпшілігі балалар деп хабарланған.
Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір 151 адам хабар-ошарсыз. Мыңнан астам адам жарақат алды. 2300-ден астам үй толығымен қирады.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның эпицентрінің таяздығына байланысты. Сонымен қатар, жер сілкінісі көшкінді тудырып, ол кем дегенде бір ауылды шайып кетті.