Үндістанда муссон маусымында 2300-ден астам адам қаза болды

20.11.2019 16:13

Су шайып кеткен үйлердің саны 800 мыңнан асады

Үндістанда муссон маусымында 2391 адам опат болған. Су шайып кеткен үйлердің саны 800 мыңнан асады. Бұл туралы NDTV телеарнасы Үндістанның ішкі істер министрі Нитьянанд Раиге сілтеме жасап хабарлады.

«Елдің әр штатынан алынған деректерге сәйкес, муссон салдарынан 2 391 адам, 15 729 ірі қара мерт болды, 800 067 үй қирады, 63,975 мың гектар егістік алқабына зақым келді», - деді Раи.

NDTV ақпаратына сәйкес, муссон маусымында Үндістанның апат салдарын жою жөніндегі күштері 98 962 мың адамды және 617 бас ірі қараны құтқарған әрі 23 869 адамға медициналық көмек көрсеткен.

inform.kz