Ресейлік әншінің әйелі коронавирустан көз жұмды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Карантин шараларына байланысты әртіс әйелін жерлеу рәсіміне қатыса алмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейлік әнші Прохор Шаляпиннің әйелі Татьяна Дэвис коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы әртіс өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

«Мұны жазу өте қиын, бұған сенгім келмейді, менің Таням жоқ... Қош бол, әрдайым есімде боласың, әрдайым сүйіп өтемін», – деп жазды Прохор Шаляпин.

42 жастағы канадалық Татьяна Клаудия Дэвис 37 жастағы әншінің үшінші әйелі болған. 2021 жылы тамыз айында Лас-Вегаста үйлену тойы өтті.

БАҚ ақпаратына сәйкес, карантин шараларына байланысты Прохор Шаляпин әйелін жерлеу рәсіміне қатыса алмайды.


Новости партнеров