Ол музыканың арқасында жастардың жүрегіне жол тапқанын айтады
Түркияның бұрынғы имамы Ахмет Мухсин Тюзер Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына шағымдануды жоспарлап отыр. Анталья қаласының әкімшілік соты имамның жұмысына қайта кірісуіне рұқсат бермеген, деп хабарлайды РИА Новости.
FiRock рок-тобын құрғаны үшін Ахмет Тюзерді Анталья провинциясындағы Каш қаласы мешітінің имамы қызметінен босатқан болатын. Ол мемлекеттік қызметке жарамсыз деп танылған.
«Антальяның әкімшілік сотының жұмысыма қайта кірісуіме рұқсат бермеуі мені қатты қынжылтты. Алдағы уақытта Адам құқығы жөніндегі еуропалық сотқа шағымдануды жоспарлап отырмын», – деді ол.
Тюзер бұл істі жеңетініне сенімді. Ол музыканың арқасында жастардың жүрегіне жол тапқанын айтады.