Осы уақытқа дейін мыңға жуық адам құтқарылған
Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында қатты муссон жаңбырының салдарынан 150-ден астам адам қаза тапты. Үйлерді су басып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ресми ақпараттарда 150-ден астам адамның суға кеткені хабарланды. Құтқарушылар қираған көпірлер мен ағаштардың кедергісінен және электр қуатының жоқтығынан іздестіру жұмыстары қиын болғанын айтуда.
– Біз із-түзсіз жоғалған адамдар өзенге ағып кетті ме, жоқ па білмейміз, бірақ оларды құтқару үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз, – деді Кераланың орман және жабайы табиғат министрі.
Осы уақытқа дейін мыңға жуық адам құтқарылған, іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Билік қаза болғандардың туысына 2400 доллардан, жараланғандардың әрқайсысына 600 доллардан төлейтінін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Көлік иесі 2 миллион теңгеге жол ережесін бұзды