АҚШ-та Nipsey Hussle (Эрмиас Асгхедом) лақап атымен танылған рэперді атып тастады, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Телеарна мәліметінше, 33 жастағы рэперге Лос-Анджелес қаласында өзінің киім дүкеніне қарама-қарсы жерде оқ атылған. Оқиға салдарынан ол қаза болды.
Полиция атыс болғаны туралы мәліметті растады және тағы екі зардап шеккен адам барын айтты. Қазіргі уақытта полицияда күдіктілер туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Эрмиас Асгхедом, Лос-Анджелесте туып-өскен 33 жастағы рэпер. Өз мансабын 2008 жылы бастады, Drake, Rick Ross, Young Thug және Snoop Dogg сияқты әртістермен жұмыс істеген. Оның алғашқы альбомы Victory Lap «Грэмми» музыкалық сыйлығына ұсынылды.