12 студент оқиға орнында мерт болған
Оның барлығы Техникалық колледждің студенттері. Оқыс оқиға Сисакет провинциясында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сай, көлік жоғары жылдамдықпен жүрген. Жүргізуші рөлге ие бола алмай екі бағанаға соғылып, аударылған. Пикаптың артында отырған 12 студент оқиға орнында мерт болған. Ал қалған бесеуі ауруханада көз жұмды. Ауыр дене жарақатын алған жүргізуші ауруханаға жеткізілген.
Полицейлер камераға түскен бейнені тексеріп жатыр. Жүргізушінің жағдайы жақсарған соң, жол апатының себебін анықтау үшін одан жауап алынбақ.