Америкалық боксшы Патрик Дэй отандасы Чарльз Конвелмен жұдырықтасқаннан кейін шұғыл ауруханаға жеткізілді. Патрик ауыр нокаутқа түсті, оны рингтен зембілмен алып кетті.
Патрик ауруханаға барар жолда есінен танып қалды, содан кейін ол комаға түсті. Чикаго ауруханасында дәрігерлер миға жедел операция жасады. Қазіргі уақытта олар спортшының өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, деп хабарлады Sputnik.
Басылымның мәліметінше, дәрігерлер боксшының жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Айта кетейік, Патрик Дэй мен Чарльз Конвелл жекпе-жегіндегі нокаут оныншы раундта болды.
Кездесу Чикагода Александр Усик пен Чэз Уизерспун арасындағы жекпе-жектің андеркардында өтті.