Оқиға Кливленд шіркеуінде болған
Американың Огайо штатында жануарлар қорғаушысы Мередит Лоуэлл тон киген әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Кливленд шіркеуінде болған. Лоуэлл балалармен хор дайындығына келген күтушіні үш жерінен пышақтаған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ. Ал жануарлар қорғаушысын полиция келгенге дейін куәгерлер ұстап тұрған.
Сондай-ақ, Лоуэллдің өткен жылы табиғи тон киген әйелге шабуыл жасағаны белгілі болды. 2012 жылы Facebook желісінде жануарлар терісінен жасалған киім киетіндерді өлтіру үшін жендет жалдағысы келетінін жазғаннан кейін ұсталған болатын.