Аш қарынға кәмпит жеген қыз көз жұмды

elements.envato.com
elements.envato.com
Мән-жайды анықтау үшін тексеру жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Новосібір облысындағы бастауыш мектепте оқитын қыз қайғылы жағдайдан көз жұмды. Сырт көзге сау көрінетін бала алдын ала болжам бойынша улану салдарынан қайтыс болған. Анасы оның аш қарынға кәмпит жегенін айтқан. Қазір оны тергеу комитеті тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

- Қыз аш қарынға көп кәмпит жеп қойды. Ол құса бастады. Ересектер жедел жәрдем шақырды. Олар ауруханаға шамамен 20 минутта барған, жолда байланыста болып, не істеу керек екенін айтып отырған. Соған қарамастан, қыздың тынысы тоқтап қалды, - деп айтты қыздың туысы.

Алдын ала болжам бойынша өлімге "улану" себеп болған. Қазіргі уақытта жағдайды аймақ бойынша тергеу комитеті басқармасының қызметкерлері қолға алған. Олар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізеді.

Оқи отырыңыз: Қызды өлтірмек болды: Астанада жасөспірім ұсталды

Новости партнеров