Ирак тұрғыны бірден 7 баланы табиғи жолмен дүниеге әкелді

19.02.2019 18:55

Жас ана мен жаңа туған сәбидің денсаулығы жақсы деп бағаланып отыр

life.ru

Иракта 25 жастағы әйел жеті бала туды, деп хабарлайды Дияла провинциясы денсаулық сақтау провинциясының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің басшысы Фарис әл-Изауидің айтуынша, 6 қыз бен 1 ұл табиғи жолмен дүниеге келген.

Әл-Изауи жас ана мен жаңа туған сәбидің денсаулығы жақсы деп бағаланып отырғанын атап өтті.  

Дияла провинциясындағы әл-Баттуль ауруханасының директоры мұндай жағдай Иракта бұрын-соңды болмағанын айтады.