Зілзаланың магнитудасы 5,8-ге дейін көтерілген.
Зілзаланың магнитудасы 5,8-ге дейін көтерілген. Дүмпу аталған қалада және маңындағы аудандарда сезілген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Анадолу» агенттігінің ақпаратына сай, қаладағы төтенше жағдайлар және құтқару қызметтеріне қираған ғимараттарға қатысты хабарлар келіп түспеген. Қазір аталған мекемелер жер сілкінісі келтірген шығын көлемін есептеп жатыр.
Ал, шаһар мэрі Экрем Имамоглу жағдайдың бақылауда екенін айтып, жер сілкінісі кезінде қаза тапқан немесе мүлкіне зақым келуге қатысты мәлімет әзірге келіп түскен жоқ деді.