Израиль полициясы палестиналық әйелді атып тастады

01.10.2021 17:14

Палестиналық әйелдің шабуылынан ешкім жарақат алған жоқ

Видеодан кадр

Иерусалим полицейлері 30 жастағы палестиналық әйелді атып өлтірді. Ол тәртіп сақшыларына пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Палестиналық әйелдің шабуылынан ешкім жарақат алған жоқ.

Осы оқиғадан кейін бірден әлеуметтік желіде израилдық «Бецелем» деп аталатын тәуелсіз ұйым жариялаған бейне жазба тарады. Онда Хеврон қаласы маңындағы ауылға еврей жастарының шабуылдаған сәті бейнеленген. Бецелемдіктер Израиль әскерінің еврей жастарына қару кезенбегенін, тіпті, олардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл да болмағанын айтуда.


Кей деректерде еврей жастарының лақтырған тасынан палестиналық кішкентай баланың басы жарылғаны туралы ақпарат айтылады.