СІМ: Индонезияда су тасқынынан қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ

18.03.2019 17:15

Папуа провинциясында болған су тасқыны салдарынан жоғалған жүздеген адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда

baq.kz

Су тасқыны құрбандарының жалпы саны 63 адамға жетті. Индонезияда қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Джакартадағы ҚР Елшілігіне ұсынылған Индонезия СІМ мәліметтері бойынша, қаза тапқан және зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

БАҚ Индонезияның шығысында Папуа провинциясында су тасқыны салдарынан 63 адам қаза болғаны туралы хабарлаған.

«Құтқарушылар судан 63 адамның денесін алып шықты. Демалыс күндері түнде Папуа провинциясында болған су тасқыны салдарынан жоғалған жүздеген адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда», - деді құтқару қызметінің өкілі.