Бір отбасындағы үш адам асқазанын алдырып тастады

04.03.2019 17:18

Анасы мен әпкесі қайтыс болғаннан кейін отбасы мүшелері өздерін онкологиялық аурудан қорғауға шешім қабылдаған

sputniknews.kz

Ұлыбританияда бір отбасының үш адамы тексерістен кейін асқазанды алып тастау отасын жасатты.

София Ахмед пен оның інілері: Тахир Хан және Омар аналары мен әпкелері асқазан рагынан қайтыс болғаннан кейін операция жасатуға барады. Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Дәрігерлер де аурудың алдын алу үшін асқазанды алып тастауға кеңес берген.  

Қыз мұндай шешім қабылдауға туыстарын өзі көндіргенін мойындады.

Оның айтуынша, 32 жастағы әпкесі қайтыс болғаннан кейін оның медицина картасынан қатерлі ісіктің бұл түрі тұқым қуалауы мүмкін екенін оқыған.

Барлық үш ота да ағылшынның Уолсолл қаласында сәтті өтті.

София Ахмедтің айтуынша, ол "бұрынысынша ішіп-жеп, қалағанын істей алады".

Салмақты бақылауда ұстау және кейбір дәрумендердің жетіспеушілігі ғана қиындық тудырады екен. Операциядан кейін әйел жүкті болып, сау бала туған.