23 маусымда Мексиканың оңтүстігінде 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болды
Мексикадағы күшті жер сілкінісі салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, тағы 30 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы 24 маусымда «РИА Новости» Оахака штатының азаматтық қорғау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
«Штат аумағында алты адам қайтыс болды, төрт адам жарақат алды. Үш федералдық және бес аймақтық автомагистральда көшкін жүріп, 500 құрылыс орындары мен 15 медициналық орталық, сондай-ақ төрт археологиялық аймақ зардап шеккен», – делінген Twitter-дегі басқарма хабарламасында.
Еске сала кетейік, 23 маусымда Мексиканың оңтүстігінде 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуінің ошағы Оахако штатындағы Крусесита қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық сейсмологиялық қызметтің мәліметіне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:30-ға дейін тағы 447 дүмпу тіркелген, олардың ішіндегі ең қуатты - 4,6 магнитудалы дүмпу болды.
Елдің 11 штатында жер сілкінісі сезілді, алайда олардың оны – Чиапас, Герреро, Морелос, Табаско, Веракрус, Пуэбла, Мичоакан, Тласкала, Идалго және Мехико қалаларында елеулі дүмпу туралы хабарлаған жоқ. Ұлттық азаматтық қорғау басқармасының мәліметінше, 30 адам түрлі жарақат алған.