Әуежайдағы атыс кезінде екі адам жараланды

16.10.2021 17:54

Әуежай қалыпты жағдайда жұмысын жалғастырып жатыр

©Pixabay

Кеше Мексика астанасының әуежайында болған атыс кезінде екі адам зардап шекті. Қазір екеуінің де жағдайы тұрақталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

«Мехико халықаралық әуежайында екі адамға қастандық жасалды. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Күдікті жараланып, ауруханада жан тапсырды. Жәбірленушілердің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», – деді қалалық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы.

Бұл туралы басқарма басшысы Омар Гарсия өзінің Twitter парақшасында жазды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Әуежай қалыпты жағдайда жұмысын жалғастырып жатыр.