Иркутскіде ұшақ апатынан қайтыс болғандар саны артты

04.11.2021 17:58

Беларуьсқа тиесілі әуе кемесі Иркутск қаласының маңында радардан жоғалып кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Сібірде жүк тасымалдайтын АН-12 ұшағы апатқа ұшырап, 9 адам ажал құшты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.

Беларуьсқа тиесілі әуе кемесі Иркутск қаласының маңында радардан жоғалып кеткен. Ресей Тергеу комитетінің аймақтық бөлімі көлік қауіпсіздігінің ережелері бұзылды деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Беларусь билігі ұшақты тәжірибелі экипаж мүшелері басқарғанын айтады. Топ арасында 2 Беларусь, 2 Ресей және 2 Украина азаматы болған. Қалған жолаушылардың қай елден екені туралы әзірге ақпарат жоқ. Әуе кемесінде ешқандай жүк болмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша апатқа қолайсыз ауа райы, яғни үскірік жаңбыр кесірінен рульдің қатып қалуы, ұшқыштардың қателігі немесе техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Игорь Кобзев, Иркутск аймағының губернаторы: - Өкінішке қарай, ұшақта болған барлық адам көз жұмды. Оқиға орнынан дене бөліктері табылды.  Беларусьтің «Гродно» әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ресей бойынша көп рет жүк жеткізген.