Түркияның Газиантеп аймағында тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы айтты. Елдің Ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, оқиға сенбі, 3 ақпан күні кешкі уақытта болған.
- Хатайдан Газиантепке ұшып бара жатқан полиция бас басқармасының Авиация департаментінің тікұшағы Газиантеп облысының Картал ауылына жақын жерде апатқа ұшырады. Тікұшақпен соңғы байланыс сенбі күні сағат 22:49-да (Астана уақытымен 19:49.) болған. Оқиғадан екі ұшқыш қаза тауып, бір техник жараланды, - делінген жазбасында. Алайда Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы тікұшақ апатының себебін атамады.
Оқи отырыңыз: Қымыз іштім: Шымкентте мас жүргізуші бағдаршамды құлатты