Интернетте балағат сөздер қолдануға заңмен тыйым салынды

01.02.2021 18:01

500 мыңнан астам аудиториясы бар әлеуметтік желілер мен сайттар тыйым салынған контентті анықтап бұғаттауға міндетті

Twitter

Ресейде 1 ақпаннан бастап интернетте балағат сөздер қолдануға заңмен тыйым салынды. 500 мыңнан астам аудиториясы бар әлеуметтік желілер мен сайттар тыйым салынған контентті анықтап бұғаттауға міндетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «MIR 24»-ке сілтеме жасап.

Тыйым балалар порнографиясына, алкогольдік жарнамаларға, терроризмге шақыратын мәтіндерге, есірткі өндірісі туралы ақпарат пен суицидке қатысты. Мемлекетке тіл тигізетін және балағат сөздер жазылған парақшаларға  да тыйым салынған.

Заң талаптары ескерілмеген жағдайда, оларға 100-ден 200 мыңға дейін, заңды тұлғаға 3-8 миллион рубльге дейін айыппұл салынады.