Әлемде коронавирустан 3000-нан астам дәрігер қайтыс болды

14.07.2020 18:02

Amnesty International мәліметтері бойынша, бұл елде коронавирустық инфекциядан 545 медицина қызметкері қайтыс болған

inform.kz

Дүние жүзі бойынша коронавирус инфекциясынан туындаған асқынулардың нәтижесінде 3 000-нан астам медицина қызметкері қайтыс болды, деп хабарлады BAQ.KZ Amnesty International сайтына сілтеме жасап.

«Ұйымның қолда бар деректерге жасалған сараптама жұмыстары расталмаған ақпарат бойынша 3 000-нан астам медицина қызметкері бүкіл әлемде COVID-19 ауруы салдарынан туындаған асқынулардан қайтыс болғанын көрсетті. Алайда, бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендетілген болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Ұйымның жаңартылған есебінде өлім жағдайлары әлемнің 79 елінде тіркелгені көрсетілген.

COVID-19-дан өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Ресейде тіркелген. Amnesty International мәліметтері бойынша, бұл елде коронавирустық инфекциядан 545 медицина қызметкері қайтыс болған.

Amnesty International есебіне сәйкес, індет салдарынан медицина қызметкерлерінің ең көп қаза болған елдер қатарында АҚШ (507), Ұлыбритания (540), Бразилия (351), Мексика (248) Италия (188), Египет (111), Иран (91), Эквадор (82) және Испания (63) бар.