Өрт туралы ақпаратты қаланың мэрі Наталья Баласинович растады
Украинаның астанасы Киевтен 25 шақырым жерде орналасқан Васильков қаласында мұнай базасы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Өрт туралы ақпаратты қаланың мэрі Наталья Баласинович растады.
Украинаның мемлекетік арнайы байланыс пен ақпаратты қорғау қызметі қалалықтарды өрттің қауіпті заттары үйге кірмеу үшін терезе ашпауға үндеді.
Жел үнемі бағытын өзгертіп отырғандықтан қауіпті заттар кез келген жаққа кетуі мүмкін екені айтылды.
Өрт өршіп жатыр, дегенмен тұрғындарды эвакуациялау жоспарланбаған. Киевтің төтенше жағдайлар қызметі тұрғындар өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.