Тағы бірнеше піл жарақат алды
Үндістанның Джарграм колониясында жергілікті тұрғындар пілдерге шабуыл жасап, бір жануар мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тағы бірнешеуі қатты жарақат алған. Ашуға булыққан адамдар пілдерге от жағылған таяқ пен найзаға ұқсас үшкір заттарды лақтырған. Полиция болған оқиғаға байланысты тексеруді бастады.
Алдын ала мәлімет бойынша пілдерге 35 адам шабуыл жасауы мүмкін. Осы жағдайдан кейін жануарларды қорғау қауымдастығы мәлімдеме жасады. Олардың ойынша, тығыз орналасқан құрылыс пілдердің еркін өмір сүруіне кедергі келтірген. Соның салдарынан олар адамдармен бірге жүруге мәжбүр.
Айта кетейік, полицейлер тергеу жүргізіп жатыр, кінәлілер жазаланады.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа су құбыры және кәріз желісі салынады