Ұлын ажалдан арашалаймын деп комаға түскен ана 27 жылдан соң оянды (ФОТО)

Ұлын ажалдан арашалаймын деп комаға түскен ана 27 жылдан соң оянды (ФОТО)
Жол апаты кезінде баласын көлегейлеймін деген әйелдің миына зақым келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғыны Мунира Абдулла жиырма жеті жыл комада жатып, есін жиды.

1991 жылы Мунира Абдулла төрт жасар ұлы және күйеу баласымен бірге апатқа ұшырапты. Жол апаты кезінде әйел денесімен баласын көлегейлеп қалып, салдарынан өте ауыр бассүйек-ми жарақатын алған, деп жазады Sputnik.

Жантүршігерлік апаттан соң келіншекті жергілікті ауруханаға жеткізеді де, көп ұзамай Лондондағы ауруханаға алып кетеді. Мунира ұзақ уақыт бойы комада өлім мен өмір арасында жатқан. Науқастың беті бері қарамаған соң, туыстары оны БАӘ-ге қайта алып кеткен.

«Ешқашан күдерімді үзген емеспін, себебі жүрегімде анам бір күні оянады деген сенім болды», - дейді Мунираның ұлы Омар Вебер.

2017 жылы Абу-Дабидің тақ ханзадасы Мухаммед бен Заид Аль Нахайян Мунираның оқиғасын естіп, Германиядағы ауруханалардың бірінде емделуіне қаражат бөледі.

Бір жылдан кейін 2018 жылдың маусымында әйел адам есін жиып, дыбыс шығара бастаған. Ұлының айтуынша, сол сәтте анасының төсегінің жанында біреумен қатты дауласып отырыпты. Тағы үш күннен соң әйел баласының есімін атайды. Кейін келе біртіндеп сөздерді анық айтып, дұға оқи бастаған.

Қазір әйел туған жерінде емделуін жалғастырып жатыр.

Новости партнеров