ГЭС құрылысына 2 млрд 100 млн сомони бөлінді, ол шамамен 222 млн долларды құрайды
Орталық Азиядағы ең ірі станцияның құрылысы толық аяқталғаннан кейін өзін ғана емес өзге мемлекеттерді де жарықпен қамтамасыз етеді. Құрылысы қырық жылдан бері жалғасып келе жатқан алып стансиядағы екінші турбинаны ел президенті Эмомали Рахмон іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Біз бұрын бір турбина арқылы Тәжікстанды жарықпен тек жазда ғана үздіксіз қамтамасыз ететінбіз. Енді екіншісімен қыста да электр энергиясын еш қиындықсыз беруге күшіміз жетеді. Ал алтауы да толық жұмыс істеген кезде көрші мемлекеттерге жеткізу жоспарда бар», – деді Рогун ГЭС маманы Шарифзода НУРОЛЛА.
Рогун – Тәжікстандағы ең қымбат жоба. Биыл мемлекеттік бюджеттен ГЭС құрылысына 2 млрд 100 млн сомони бөлінді, ол шамамен 222 млн долларды құрайды. Құрылысшылардың сөзінше, кеткен шығын 7-8 жылдың ішінде қайтарылады. Әрмен қарай, экспорттауға көшеміз дейді.
«Қазір су қоймасында екі агрегатты жұмыс істету үшін су жеткізілкті. Алайда толық алты турбинаны іске қосуға 13 миллиард текше метр су керек. Бізде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Ауғаныстан елдерімен келісім бар. Тәжікстан жылына тек 1 миллиард текше метр су ала аламыз», – деді Рогу ГЭС құрылыс өндірісінің директоры Анвар РАХМОНОВ.
Аталған су электр станциясының Қазақстанға қатысы қандай? Кезінде осының құрылысына қарсы болған Өзбекстан тарапы не дейді? Рогун ГЭС-і туралы толық материалды қорытынды жаңалықтарымыздан көре аласыздар.