73 жыл бірге өмір сүрген америкалық жұп бір күнде коронавирустан қайтыс болды

30.04.2020 18:59

12 сәуірде Уилфорд және Мэри Кеплер екеуі ауруханаға жатқызылған

YAY/TASS

73 жыл бірге өмір сүрген америкалық жұп бір күнде коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

94 жастағы Уилфорд Кеплер мен 92 жастағы Мэри Кеплер 18 сәуір 6 сағат аралықпен қайтыс болған.

Алғашында 8 сәуірде Мэри Кеплерден коронавирус анықталған. Артынша ол төрт күндей оқшауланған. 12 сәуірде Уилфорд және Мэри Кеплер екеуі ауруханаға жатқызылған. Күйеуінің де коронавирус жұқтырғаны ауруханада расталған.

Немерелері Натали Ламекидің айтуынша, дәрігерлер оның атасы мен әжесін бір палатаға жатқызған. Тіпті Уилфорд және Мэри Кеплер қолдарын ұстап жатуы үшін төсектерін жақындатып қойған.

"Олар не болатынын білді, сондықтан болған жайтқа сабырмен қарады", - дейді Натали Ламека.

Оның айтуынша, атасы мен әжесі Ұлы Отан және Вьетнам соғысын бастан кешірген.