Ресейлік делегация украиндықтармен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Песковтің сөзінше, ресейлік делегацияның құрамында президент әкімшілігінің, Сыртқы істер және Қорғаныс министрлігінің сонымен қатар, басқа да ведомстволардың өкілдері бар.
"Гомельде келіссөздер өткізуге дайынбыз", - деді Песков РИА Новости сайтына берген сұхбатында.