Эквадор түрмесіндегі қақтығыс салдарынан 58 адам көз жұмды

inform.kz
inform.kz
Билік мәліметінше, оған қарсылас бандалар арасындағы қақтығыс себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Эквадор батысындағы Гуаякиль қаласында орналасқан түрмедегі қақтығыстар салдарынан кем дегенде 58 адам қаза болып, тағы 12-сі зардап шеккен. Бұл туралы сенбі күні Гуаяс провинциясының губернаторы Пабло Аросемена мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі мәлімет бойынша 58 тұтқын қаза болып, жарақат алған тағы 12-сі медициналық көмек алуда», – деді ол аймақ үкіметінің Facebook әлеуметтік желісінде көрсетілген баспасөз конференциясында. 

Бұған дейін El Universo газеті қаза болған 52 адам туралы жазған болатын. Бүлік жұма кешінде басталған. Билік мәліметінше, оған қарсылас бандалар арасындағы қақтығыс себеп болған. 

«Қазіргі кезде түрменің ішінде полиция қызметкерлері жүр, олар қауіпсіздікті қамтамасыз етуде», – деп хабарлады баспасөз конференциясында полиция қолбасшысы Тання Варела. 

28 қыркүйекте осы түрмеде қақтығыстар болып, салдарынан 119 тұтқын қаза болған. Ел президенті Гильермо Лассо елдің пенитенциарлық жүйесінде 60 күнге төтенше жағдай жариялады.

Новости партнеров