Салмағы 35 келі: Бір ай комада жатқан ресейлік әнші Максимнің жағдайы жұртты шошытты

30.08.2021 19:11

Әзірге әншінің үлкен сахнаға қашан оралатыны белгісіз

Фото: Евгения Гусева

Ресей эстрадасының жұлдызы, танымал әнші Maksim екі жақты пневмониядан соң ұзақ уақыт комада жатып, өмірге екінші рет келген болатын. Жақында әнші үйіне шығарылды, бірақ денсаулығына байланысты көп салмақ жоғалтқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың 15 маусымында әнші пневмонияның ауыр түріне шалдығып, комаға түскен болатын. Дәрігерлер өнер иесінің өмірі үшін күресіп, оны жасанды ауа беру аппаратына жатқызды. Әншінің жанкүйерлері Максим үшін қатты алаңдап, оның әлеуметтік желідегі парақшасына мыңдаған пікір жазылды. Арада бір айға жуық уақыт өткенде әнші оянып, ауруды жеңіп шықты. Бүгінде Максим үйіне оралған, бірақ көп салмақ жоғалтқан. Қазіргі таңда оның салмағы 35 келіге түсіп қалды. Әншінің ағзасы барлығына жаңадан үйренуде. Ол өз аяғымен жүруді де қайта үйреніп жүр. Оның дәл бұлай жүре алмай қалуына бұлшықет көлемін көп жоғалтуы себеп.

Максимге дәрігер Денис Павлов көмектесуде. Әзірге әншінің үлкен сахнаға қашан оралатыны белгісіз. Өйткені, өкпесі қатты зақымданғандықтан, ән айту туралы ойлауға әлі ерте. Ал дәрігер невролог, реабилитолог Ринат Акбаровтың айтуынша, әншінің бұл кейпі Максимнің ұзақ уақыт бойы комада жатқанынының белгісі. 

«Әншінің сырт келбетіне қарап оның ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз жатқанын байқауға болады. Ол мүлде әлсіз, өңі кетіп қалған. Бұл бұлшықет көлемінің азаюымен тікелей байланысты», – дейді дәрігер. 

Айта кетелік, аурухунаға түскен соң үш күннен кейін әншінің жағдайы күрт нашарлаған.