Түркияда бұзақылар қираған ғимараттар мен дүкендерді тонай бастады

10.02.2023 19:30

Жергілікті тұрғындар ұрыларды қолға түсіріп, өз бетінше жазалауға кіріскен

Almaty.tv

Біреуге мал, ал біреуге жан қайғы. Түркияда бұзақылар қираған ғимараттар мен дүкендерді тонай бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Қаскөйлер елдегі апатпен арпалысқан алапат жағдайды пайдаланып, пайда табуға тырысқан. Қазір жергілікті тұрғындар ұрыларды қолға түсіріп, өз бетінше жазалауға кіріскен. Тіпті, кей аймақтарда кәсіпкерлер өз ғимаратын күндіз-түні күзетіп отыруды қолға алыпты.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбаларда олар қаза болған адамдардың денесінен бағалы бұйымдарды шешіп алып жатқаны жарияланған. Олардың мұндай әрекеті көптің наразылығын тудырды. Ал жазалау кезінде олар мұндай қадамға мәжбүр болғандықтан барғанын айтқан. Себебі гуманитарлық көмек әлі жеткізілмеген көрінеді.